А Т Ұ С Т А

Үркітпе үйірді,

Жолама асауға.

Тарттырма бүйірді

Саяққа, шашауға.

Ұстасаң дыбырсыз,

Жүгендеп еппенен,

Тұрар ат қыбырсыз,

Тектілік сертпенен.

Маңдайдан, жалынан

Сипасаң мейірмен,

Жылқы да ағынан

Жарылар пейілмен.

Орта жол қалдырмас

Жібек жал иесін.

Күте алсаң болдырмас

Қастер тұт киесін.

Ат ұстау –  өнер – ол,

Бап табу қиын-ақ.

Үзілмей көне жол,

Ұзароар зымырап.

Ат ұстау – ауыр сын,

Танушы аз бітімін.

Әуел жан ауырсын,

Табасың  күтімін.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать − пятнадцать =