Б А У Л У

Кішкентай орағым,

Қолайлы қолыма.

Мен де орақ орамын,

Түсіп ап солыма.

Оңымда – ағайым ,

Солымда – жеңешем .

Шып-шып тер — самайым,

От пен шоқ — төбешем.

Атамда – шалғы орақ,

Сапсиған сабы ұзын.

Тоқ десте салмалап,

Алда жүр абызым.

Өңкей дүр ормаға

Жұмылып , бас алмас.

Әлсізі мен ғана,

Қатардан оза алмас.

Сезеді сонымды

Ағам да, жеңгем де.

Орады  солымды

“Сездірмей”  әр демде…

Тер сүртіп жосыған,

Тоқтаймыз қатарлас.

Риза қош осыған,

Түгел топ атам бас.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 − 2 =