Қоштасу

Жүңгелік достар
До свидания, қолың бер жүңгөлік дос!
Кетіп барам еліме көңілім хош.
Жалын алдым жаныма дәл өзіңдей,
Тең ұсынып қолыма өмірім дес.

Ұлар етін жегендей Ұлы таудан
Мен Жүңгөні, достарым, ұмыта алман.
Бірге өстім сендермен, бірге күлдім,
Бірге таптым ортақ жол, мұрат-арман.

Көздер түсер шолғыншы, кеткенімде,
Атым қалды газетің беттерінде.
Қамал бұзған зор ерен болмасам да,
Тамшылаттым ыстық тер шептеріңде.

Көп-ақ еді алғаным бергенімнен,
Дей көрмеңдер: «Ал бұған не көрінген?»…
Оны лықа борыштай мойныма алдым,
Ортақ табақ алда көп тегерілген.

Мекен жайлы мен қойман күпірлі өтіл,
Дей кермендер: -«әлі де күтуде-тұр».
Азаматтық борышым ада етілмей,
Кеңестердің Одағы күтіп отыр.
© Естеу Нүсіпбеков 1961 жыл, сәуір

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Қоштасу»

  1. Естеу нағашыекемнің жаны жанатта болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать − одиннадцать =