Атамекен

Атыңнан айналайын атамекен!
Кіндік қан сенде төккен атам, әкем.
Тал бойым, табиғатым саған мәнсұк,
Тер тегіп от қойныңды Отан етем.

Сен маған махаббаты от анамдайсың,
Сімірткен балды земзәм банандайсың.
Биікке бала құстай алып шығып,
Әр танда қанатымды тарамдайсың.

Мен сені аңсап тапқан жас түлегің,
Шыңдаған отты үмітке жас жүрегін.
Дайынмын қайда салсаң шүйілуге,
Өзіңдей қас жауыңды қас білемін.

Сен маған ыстық едің ғажап неткен,
Аталық мейіріммен жанымды өпкен.
Қанатым қауырсынын тез қатайтар
Күндерім қойнында ыстық көңілді еткен.

Мен сенің тік шанышқан жас шыбығың,
Тереңнен нәрлендірер жас буынын.
Береді топырағың жаныма азық
Тәттілеп ұсынғандай ас шырынын.
© Естеу Нүсіпбеков Текес. 1961, мамыр.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

13 − 3 =