Ақын кетті

Естеу Нүсіпбековтің рухына

Жыр кенін бір ақындай қазып көрген,
Халқына рухани азық берген,
Естеу ақын Нүсіпбек күні кеше,
Маған да бір кітабын жазып берген.

Қаламас аталғанын кім атының,
Жемісін жесе, қане, бұла түннің.
Келіп тұр Есік жақтан естімекке,
Бағасын білмекке сол кітабының.

Одақтың атшаптырым кең залында,
Айтқан сөзі қазір де құлағымда:
«Ақ бұлағы жанымның» кітабыма
Не дейді сыншы жігіт ел алдында?

Ақынға бірақ пікір айтылмады,
Айтылмаса гүлдейді қай күн бағы?
Осы сәт жүрек тұсы шаншып ақын,
Күрт түсіп кеткендігі айқындалды.

Бір ауыз жылы сөзге Ол ділгір еді,
Өтіпті-ау жыр жазғалы жылдар легі.
Өз сөзін көкейдегі айтты дағы,
Ақын кетті, аңдады кімдер нені?

19 сәуір, 2007жыл

Шаймерген Әлдибекұлы

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × 5 =