Ақын атаға арнау

Естеу ата ақылшы алтын адам,
Дарынды сөз шебері, ақын адам.
Әрқашан өлең жазып, газет оқып,
Күн сайын мешітке барған имам адам.

Мейірі биік асқардай,
Көңілі мөлдір аспандай.
Ақын ата аяулы,
Жазылмаған дастандай.

Көңіл күйі шалқыған,
Кішіпейіл салтынан.
Үлгі алып өсеміз,
Ұлы ақын атадан.

Көрдің әлде көрмедің,
Ақын атам бар менің.
Қартпын деп ол айтпаған,
Қол қусырып жатпаған.

Білім шыңына өрлейміз асып алға,
Қиындық жоқ бөгеліс жанымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Ұлы ақын Естеу атамызға.

Ұстаздықтәлім көмектен,
Бақытты бір гүл еккен.
Мәңгі бақи өшпейтін,
Орын алды мектептен.

Сансызбай Айнұр, Р.Тоқатаев атындағы мектеп оқушысы.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать + 4 =