Ақындықтың жолын қудым бүгінде!

Естеу атаға арнау

Жүрегімнен жыр жазатын ақындыққа жақынмын,
Өлең сүймес пенделерге көңіліммен салқынмын.
Табынамын туындыға жарып шыққан көңілден,
Қаламынан жыр төгілген Естеу сынды ақынның.

Естеу ақын жырлары жүректерді табындырған,
Қара сөздің дарабозы халқын бүгін сағындырған.
Көңілге нұрын төгіп, шуақ шашар жыр – дастаны,
Ойып тұрып орын алды әдебиет тұғырынан.

Жан – дүниесін жайып салған қазақтың даласына,
Өмір жолын егіз еткен өнерге, дара тума.
Таусылмастай қазына жүрек жарған жырларыңыз
Асыл аға, жыр сүйер барша Алаш баласына!

«Өлең – сөздің патшасы» — дейді ұлы бабалар,
Жүрегімнің түбінде ақын болу арман бар.
Ұлылардың жолын қудым, үміт артып бүгінде
Өнеге алар тірегім – Естеу сынды ағалар!

Нұрпейісова Г., Р.Тоқатаев атындағы мектеп оқушысы.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать − три =