Ақынға арнау

(Ұлағатты ұстаз Естеу Нүсіпбековті еске алу)

Артында өзі кетсе – сөзі қалар,
Сөзінен кейінгі ұрпақ сезім алар.
Асылдың жоғалмайтын болмысындай
Ақынның ізделетін кезі болар.

Жаттаймыз жырларыңды көктем – қыста,
Өмірі шын ақынның неткен қысқа.
Болғанда осы кеште бізбен бірге,
Жастарды жүрер едің бастап шыңға.

Қашаннан өлең – жырға құмар халық,
Оқимыз кітабыңды құмарланып.
Мектепте, шәкірттердің қолдарында,
Тағы да кетті сөзің шырақ жағып.

Жазған ағам ертеңін біліп тегі,
Армандары ақ екен, үміттері
Жұмбақ сырын жанының ұға алатын,
Бар, әрине, қазақтың жігіттері!

Жұбанбаев Батырхан, Р.Тоқатаев атындағы мектеп оқушысы.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

7 ответов к «Ақынға арнау»

  1. Өлең менен жырларың маған қымбат.
    Әр ұлы сөздеріңнен алам ғибрат.
    Бағалы, баға жетпес насихатың.
    Жүрегімде сақталып, есте қалат.

    Ұлағатты ұлы кеңестерің.
    Мөр боп басылғандай ұмтылмас.
    Кейінгі ұрпағыңа қалар сыр боп.
    Өнерің әрқашан да мұра болып.

    Қостанай облысы.
    Жітіқара ауданынан.

  2. Неткен керемет!Жарайсыз!Арты қайырлы болсын!Мен бұл кісінін кітабын міндетті түрде оқитын боламын!

  3. неткен керемет шығарылған!Арты қайырлы болсын,мен бұл кісінін міндетті түрде оқитын боламын!!!!!

  4. өлеңге әркімнің ақ бар таласы,
    Сонда да солардың бар тандамасы
    Абайдың қасиетті қара олеңі
    Сіздерге әсер еткен ау шамасы
    Орал қаласынан.

  5. рахмет, Мұқа! Сайтты көзден таса етпейтініңізге бек ризамын. келініз Мұқсина.

  6. Нағашы салған ізің басталыпты,
    Шәкіртің өлең жазып еске алыпты.
    Интернеттен көрдім де қуандым бір,
    Ақпараттық әлемде жастар мықты.

    Өлең жазып кетемін кейде менде,
    Бала кезде мен сізді көрмегенмен.
    Әке, шешем о бастан ақын емес,
    Осы маған өлең-сөз қайдан келген.

    Жамбыл облысы, Шу қаласынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × пять =