Бұл заманның пысығы

Таза талант мыңнан бір,
Жазбай танып құшып қал,
Көлегейлер жанында далбаса бар ұшықтар.
Далбасамен талантты лайлайды пысықтар,
Абай айтқан пысықты алпыс орар пысық бар.

Пысық мәні Абайда даукес еді заң қуған,
Жақ-жақ етіп ел ішін, есті-ессізді даң қылған.
Бұл заманда пысықтар іскер деген атқа ие —
Дым тигізбей бойына құрғақ өтер жаңбырдан.

Пысықтардың әр күні саналады мыңдармен,
Тапшы бөлшек заттармен,
Қымбат асыл бұлдармен.
Пысықтардың әр ісі бітеді ыммен, ым тілмен,
Қайтарылар қарымы қоян ізді жымдармен.

Бұл заманның пысығы еш нәрседен қашпайды,
Қолқа салсаң: ақысыз ақша беріп тастайды.
Оқытушы, дәрігер, судья да ығында
Күнің түсіп, қаласаң: бәріне де бастайды.

Бұл заманда осындай пысықайлар көбейді,
Пайда түссе болғаны: арам, адал демейді.
Қол жалғайды. Кінә не?
Қалтаңа қарай бар ісі.
Десе дағы Пысықтың ұшырай көрме кәріне.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × три =