Пысық жігіт

Тиерде менен пайда жылмаңдайды,
Қылықты жас әйелдей қылмаңдайды.
Кейде ерте, кейде кеш кеп хал-жай біліп,
Көңілді ауламаған күн қалмайды.

Тиместей бола қалса пайда менен,
Қарасын көрсетпейді айламенен.
Жағынып әлдекімге ісі түскен,
Жүреді қанат сүйреп қоймаменен.

Бағы зор, мансабы нән жерді аңдап,
Жұғыныса қалады қосанжарлап.
Бастықты жаңа болған шақырғыш-ақ,
Тауып бір іліктестік, жұртқа жарлап.

Тасиды қой, соғымын далдаламай,
Енгізіп гарнитур да даңғарадай.
Ханымына қайын боп үлгереді,
Зыр қағып үй қағысып қол баладай.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Пысық жігіт»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

7 − 4 =