Азырақ ағайынға айтар назым

Азырақ ағайынға айтар назым:
Көңілім қоңыр күйдің тартты сазын.
Елу жыл еңселігін жыр жүгі езген,
Бұл Естеу сымпылдатты аққу, қазын.

Қаз қойқаң, үйрек байпаң, аққу саңлақ,
Сақ жүзді тыныш қоныс, айдын таңдап.
Кім кепіл тұрмағанға қанға жерік
Сұр мерген қарауылға ап қалқада аңдап?!

Шіріді шала тұқым шайқала алмай,
Ене құс жылы ұяда найқала алмай.
Кейде оқыс жұмыртқа да сала алмады,
Бейқұтта қамысы қау жай таба алмай.

Десе де өкінбеймін бұл шағымда,
Гүл буда толмады деп құшағымда.
Аттан жалп түсірсе егер қайтер едім,
Қиянат қиямпұрыс қысаңында?!

Мың тауба! Тауба-тауба, тауба-тауба!
Келеді ізім қалып Аспантауда.
О, Алла, қалам ұстар қуатты алма,
Қоржында тоғайғанша олжа, сауға.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать − 5 =