Естеу Нүсіпбековке арналған сайт

Биографиясы

Естеу Нүсіпбеков

НҮСІПБЕКОВ ЕСТЕУ САБЫРБЕКҰЛЫ
(1933 – 2006)

• 1933 жылы 25 ақпанда ҚХР, Іле аймағы Текес ауданының, Шолақмыс өзені сағасында орта шаруа отбасында дүниеге келген.
• 1941 – 1945 жылдары Мұңғұлкүре ауданында Аяққарасу бастауыш мектебін бітірген.
• 1946 – 1948 жылдары Құлжаның Ұлттар гимназиясында оқиды.
• 1948 жылы Ұлттар гимназиясы орта дәрежелі мамандар дайындайтын Білім Жұртына ауысып, жоғарғы сұрыптауда өтіп, педагогикалық сыныпқа бөлінеді.
• 1951 жылдың ақпанынан 1952 жылдың ақпанына дейін №2 Қыздар гимназиясында, 1952 жылдың ақпанынан 1954 жылдың сәуіріне дейін №2 Педагогикалық мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
• 1954 жылы 1 сәуірінен 1956 жылдың наурызына дейін Шыңжан Халық баспасының оқулықтар бөлімінде редактор, оқулық құрастырушы болып қызмет істейді. Сол жылы Кеңес Одағынан көмекке келген маман, жазушы Жәрдем Тілековпен бірге еңбек етті.
• 1956 жылы наурызда Пекинде өткен Бүкілқытайлық жас жазушылардың бірінші съезіне қатысқан. Осы жылы Лушин атындағы әдебиет институтының жеделдетілген курсын оқып бітірген. Атақты қазақ жазушысы Сәбит Мұқановпен де осында кездесіп сұхбаттасқан.
• 1956 жылдың қыркүйегінен Шыңжан Жазушылар Одағына, «Шұғыла» журналы редакциясына қызметке ауысады. Алғашында сын бөлімінің, кейін редакцияның меңгерушісі болады.
• 1957 жылы шілде айында өткен бірінші құрылтайына қатысып, Шыңжан Жазушылар Одағына мүшелікке өтеді. Осы жиында Орта Азиядағы 5 республиканың Ғабит Мүсірепов бастаған атақты жазушыларымен кездеседі. Осы жылы «Арман» атты өлеңдер жинағы шықты.
• 1957-1959 жылдары өлеңдері, зерттеу мақалалары қазақ басылымдары «Шыңжан газеті», «Іле газеті», «Шұғыла» журналы беттерінде жиі жарияланды. Топтама өлеңдері «Жеңіс жырлары», «Тарту» атты ұжымдық жинақтарға енді. Сол жылы Халық баспасынан «Әдебиеттік оқулық» атты екі кітабы басылып шықты.
• 1959-1960 жылдары солақай саясаттың кесірінен, «тар жол тайғақ кешуді» бастан кешіреді.
• 1960 жылдың бас кезінде ақталып өз қызметіне қайта алынады.
• 1961 жылы сәуірде атамекенге оралып, сол жылы ҚазМУ-дың филология факультетіне оқуға түсіп, 1966 жылы бітіріп шықты.
• 1966 жылғы қыркүйекте Нарынқол ауданына жолдамамен барып, Қайнар ауылындағы орта мектепте мұғалім, артынан оқу ісінің меңгерушісі болады.
• 1968 жылы қарашадан аудандық партия комитетінің шешімімен «Советтік шекара» газетіне бөлім меңгерушісі болып орналасты.
• 1971 жылғы қыркүйектен тағы да аупартком шешімімен Қайнар ауылындағы орта мектепке директор болып тағайындалды.
• 1975-1990 жылдары Алматы облысы, Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы мектеп-интернатта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.
• 1990-1995 жылдары Алматы облысы, Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы қазақ орта мектебінде оқытушы болып еңбек етті.
• 1995 жылы желтоқсанда құрметті демалысқа шықты.
• 2001 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Кешіккен сый» атты өлең-дастандары жарық көрді.
• 2001жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
• 2004 жылы «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
• 2005 жылы «Қазығұрт» баспасынан Алматыда «Ақ бұлағы жанымның» атты өлең, поэмалары жарық көрді.
• 2006 жылы Алматы облыстық ақын-жазушылар степендиасының жүлдегері болды.

2006 жылы дүниеден озды…..

• 2007 жылы сәуір айында Алматы облысты, Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте Естеу Нүсіпбеков атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды.
• 2007 жылы «Балалар әдебиеті» баспасынан көп томдық шығармаларының «Ақсамала айналам» атты 1-томы жарық көрді.
• 2008 жылы «Балалар әдебиеті» баспасынан көп томдық шығармаларының «Қолтаңба» атты 2-томы жарық көрді.

Естеудің өз қолымен жазған толық өмірбаянын мына жерден оқи аласыздар.

Өмірінің әр кездерінен көрініс

[nggallery id=1]

4 комментария

  1. Ержан!

    Естеу әкең жайлы сайт ашып, ішін құнды деректермен толтырыпсың,
    Осындай ізгі істерді әрбір азамат жасай берсін! Жарайсын Ержан Батыр!

Leave a Reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *