Құлықпен құмары ынтық жалықпаған

Құлықпен құмары ынтық жалықпаған,
Құныға жыр ұшырдым қалықтаған.
Аспандап асқар асып кетпесем де,
Қиынға қиялдаудан тарықпағам.

Тізгіндеп төзімімді тарпаңдатпай,
Желғабыз тауанымнан талықпағам.
Өмірдің өр-ылдилы өткелінде,
Оң-теріс опынысты парықтағам.

Көп көріп қилы қиян қиындықты,
Өкпек жел өтінде де арықтағам.
Алда аға, артта іні ояу көзбен,
Қол соққан, үкілі үміт тағып маған.

Аламан бәйгеде де артта қалмай,
Ай жүзім тозаң қауып шаңытпаған.
Қауырт іс бой жаздырмас сәттерде де,
Көрген жоқ қолдан түсіп шабыт-қалам.

Ұстатқан үміт атын жалдан мықтап,
Құдайға шүкір айтам сабылтпаған.
Құтқарып келеді әлі Ием мені,
Қауіптен, сақтап аман қағытпадан.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три + 6 =