Жалт-жұлт еткен дүние ғұмыр-тірлік!
Көлеңкеңнен көңілім көрмеді үркіп.
Өттім талай тар жолдан ат-көлік сау,
Сезім, сенім тізгінін теңшеп іркіп.
Өткізбедім дел-сал күй қалғып-мүлгіп,
Қатарымнан ертелеу аштым түңлік.
Айдыныңа тұңғиық ашық таңда —
Тәуекелшіл талаппен кеттім сүңгіп.
Өркеш-өркеш өтінде түлей толқын,
Қолын салды жағама үрей-қорқын.
Тәлейлі екен тағдырым:
Кемесіне
Аман-есен таптырды өмір портын.
Жазмыш озды озмыштан Тәңір қолдап,
Жол кессе де қиянат қанша торлап.
Аққа Құдай жақ болды қайда-дағы,
Баса алмады кеудемді ешкім зорлап.
Қас-қабағың бірде ашық, бірде жабық,
Кейде тіпті қарайсың қырынданып.
Ай сайын да күн сайын құбыласың,
Ұстатпайсың сынаптай сырыңды анық.
© Естеу Нүсіпбеков
Беу дүние өмірдің,
Қуанышын тойлаттың.
Көңілімді күн сайын ,
Көк сағымдай ойнаттың.
Кету үшін бір көріп,
Жердің бетін жәйнаттың.
Жүрегіме тіл беріп ,
бұлбұл құстай сайраттың .
шіркін-ай , шіркін ай ,
жалт-жұлт еткен өмір-ай.
Үміт қуған пендеңе,
Жеткізбейсің сен неге.
Ғашық ғұмыр тойар-моу,
Сенің жарық сәулеңе.
Жалт-жұлт еткен дүние-ай.
Арман дүние-ай.
Жалт-жұлт еткен дүние-ай.
Жалған дүние-ай
Беу дүние өзіңнің,
пактігіңе сенемін.
Тұнығына сезімнің ,
жүрегімді бөледің.
Сенен аған сиымды,
несін айта беремін.
Әттең құлақ күйімді ,
табалмай-ақ келемін.
шіркін-ай , шіркін ай ,
жалт-жұлт еткен өмір-ай.
Үміт қуған пендеңе,
Жеткізбейсің сен неге.
Ғашық ғұмыр тойар-моу,
Сенің жарық сәулеңе.
Жалт-жұлт еткен дүние-ай.
Арман дүние-ай.
Жалт-жұлт еткен дүние-ай.
Жалған дүние-ай