Метка ұрпақ

ЖОЛДАССЫЗДЫҚ

ЖОЛДАССЫЗДЫҚ Жолдассыз ба? Жолдассыз күнің жарым. Кім таниды көк теңге құның барын? Құлақ жейді қаңғырдай ол жоқ жерде. Жанға жақпай еш дыбыс сыңғырларың. Қызығы жоқ жолдассыз күлкінің де, Жүз жиында жыртақта бір күніңде. Дәм-татусыз тіл, таңдай түк тұшынбас, Көңіл бейжай…

БУЫНСЫЗ ТІЛ

Буынсыз тіл қайнағанда, Балқытады тас көңілді жібітіп. Буынсыз тіл жайнағанда, Ұсатады таудың тасын үгітіп. Буынсыз тіл жай тастаса, Қақ жарады — қақырайды қарағай. Буынсыз тіл ой тастаса, Жұбанады қара дию баладай.

Қуғын-сүргін құрбандары кесенесінде

Ақпан соңы. Астана. Кесенеде — Арқа аязы есіп тұр еселене. Сәті түсті көрудің, Дәл сол күнге Жазылыпты зиярат пешенеме. Азынаса ақ түтек боран сыртта, Көк сүңгі мұз қатырып қас пен мұртқа. Ішімде де уілдеп ысқырып тұр, Қалшылдатқан қарлы ызғар ала…

Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты.

Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты. Әркімде ақ жем қақтырар шырға мықты. Тік тұрар төбе шашың, жүрек айнып, Көргенде сырғақ жүріс зырлауықты. Қасыңда ол, тасың өрге домаласа. Мәртебе, мереке — сен оған қоса. Жүреді жинасып та жүген-ноқта, Атыңды аржақтан кеп…

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім

Тықыршисың бәйге аттай, дегдар інім, Бойыңда жоқ нәумез күй, енжар ұғым. От жайнайды көзіңнен, ойың сергек, Еңселісің, бура сан денең мығым. Кесек болмыс, бітімің бөлекшелеу, Көрсетіп тұр күш-қайрат берендігін. Алқынбаған дем алыс, орнықтылық Аңдатады ақыл-ой кенендігін.