ЖОЛДАССЫЗДЫҚ

Жолдассыздық
ЖОЛДАССЫЗДЫҚ

Жолдассыз ба?
Жолдассыз күнің жарым.
Кім таниды көк теңге құның барын?
Құлақ жейді қаңғырдай ол жоқ жерде.
Жанға жақпай еш дыбыс сыңғырларың.

Қызығы жоқ жолдассыз күлкінің де,
Жүз жиында жыртақта бір күніңде.
Дәм-татусыз тіл, таңдай түк тұшынбас,
Көңіл бейжай топ тобыр дүрмегінде.

Думан барсаң жолдассыз той қызықсыз,
Қиялдансаң жолдассыз ой-қызықсыз.
Жолдас жоқта сен де жоқ, жабырқайсың,
Көтерілсең биікке бой қызықсыз.

Асың дәмсіз жолдассыз, ісің мәнсіз,
Ойың жұтаң, кем қайрат күшің де әлсіз.
Айдыныңда айбын кем, сөз өтімсіз,
Солғын тартып реңің, жүзің де әрсіз.

Талантсызсың жолдассыз, дарынсызсың,
Атың шабан, шапсаң да шалымсызсың.
Алыстайсың жолдассыз адамдардан,
Бой қыздырар жылусыз, жалынсызсың.

Өмір сыннан жолдассыз өте алмайсың,
Тарыдай да табысқа жете алмайсың.
Жолдас — мойынтұрықтас қастағы өгіз,
Қатарыңда ол болса, —
Алға жылжып томпаңдайсың.

Жолдас — сенің серігің, пікірлесің,
Жолдас — шебер жаттықтырушы күтімдесің.
Деп тұрады ол сенің, қолыңменен
Қарсылас қабырғалар күтірлесін.
© Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девять − 2 =