Үміт

Тұмшалаған тұман бар,
Әлемді кең көрсетпес.
Жол, жобаға күмән бар,
Ойын, дөңін өлшетпес.

Балсыз болмай, балды да,
Ылди, өр деп жатпайсың.
Қорғалақтап алдыға,
Нар тәукел аттайсың.

Машиналы, аттылар
Қастан зулап өтеді.
Діті берік қаттылар
Үрей сұқтап кетеді.

Сана сара, кеуде ояу,
Сонда-дағы қорқасың.
Ұстап бойды тоқ, жарау,
Топтан қалмай жортасың.

Кезек алып жел-желең,
Тұман түре айдар деп,
Бастайды үміт бел-белең,
Оңым, солым жайнар деп.
© Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Үміт»

  1. Шындық

    Айтайын мен шындықты,

    Мұсылман не ұмытты.

    Көздерiн жұмып алып,

    Солайша өмiр сүрiптi.

    Әлiде жалғасуда,

    Хадиске бәрі таласуда.

    Құранды жауып тастап,

    Бауырлар адасуда.

    Көздi аш бауырларым,

    Хадисте жоқ ұғарын.

    Хадистi адам жазған,

    Түсiнсейші соның бәрiн.

    Ендi сен не ойлайсын,

    Қай жаққа нық бойлайсын.

    Аллахпа әлде адамба,

    Қайсысын сен таңдайсын.

    Аллах айтады Құранда,

    Өткенге сен жыланба.

    Тәубе етсен бәрiне,

    Кешiремін дейді Құранда,

    Әлi бiз адасқанбыз,

    Шайтанға қарасқанбыз.

    Хадистi оқып алып,

    Құранмен санасқанбыз,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

одиннадцать + три =