Ақ құс арман

Ашық-жайлы таңында октябрьдің
Қырқадағы-ауылдан атқа міндім.
Әбдкерім, Сұраубай жолдасым боп,
Оқу деген қойны ыстық жолға кірдім.

Әсейіннен таныдым төңеректі,
Бұқара мен Байбазар өнер екті.
Қазақша да ұйғұрша, өзбекше…
Қолтықтатты кітаптар кереметті.

Арман қудым ақ құстай
Жеткізбейтін,
Ақ сорпа етіп ат терін төккіз дейтін.
Көз ұшында көлбеңдеп ақ кыз кейпі,
Қашты алдымнан оңайда өпкізбейтін.

Маза-кетті бойымнан, тағат кетті.
Айды, күнді ұрлады, сағатты епті.
Ақ құс бейне ақ қызым кейде ғайып,
Кейде бұғып мені кеп сабап та өтті…

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Ақ құс арман»

  1. Аруағыңнан айналайын папа, Ақ құс арманына ұрпақтарың, шәкірттерің жеткізіп жатыр. Ақ арманды бекер қумапсыз. Иманыңыз саламат боп, жаныңыз жаннаттық болсын аяулы Ата!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

19 + шестнадцать =