Барша түрік баласы
Барша түрік баласы – Бейне қолдың саласы. Бірге туып, бірге ескен, Болмай көңіл аласы. Алтай таудың дарасы, Алатаулар арасы – Ата қоңыс қут мекен, Қымыз толы сабасы.
Барша түрік баласы – Бейне қолдың саласы. Бірге туып, бірге ескен, Болмай көңіл аласы. Алтай таудың дарасы, Алатаулар арасы – Ата қоңыс қут мекен, Қымыз толы сабасы.
САҒЫНЫП ТОЙДЫ Кей дөкей келер тойға қонжимаққа, Кісімсіп кісі үйінде шолжимаққа. Шаншып жеп қазы-қарта, жал-жаяны, Жөнтексір өрік, жаңғақ, балқұймаққа. Кей ханым көрсетісіп жүзіктерін, Жүзіне қан ойнайды жүзіп керім. Кей ханым мойнын қомдап масайрайды, Ақ гауһар алқа асынып тізілткенін.
Ауыл әлем-тапырық, Арақты жүр сапырып. Баласы ұрсып әкеге, Шыға келер ақырып. Адамы азғын, малы арық, Мөлиеді аларып. Еріндері кезерген, Жел өтінде қабарып.
Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен, Жадағай тозып келем жай қалыппен. Жүзбе-жүз айтылыпты сөзім түгел, Бүркелмей жамау-жасқау жайма әдіппен. Пердесін жалғандықтың жұлып аппын, Көлгірсіп көз алдамай найқалып өң. Жылпосты жемқор аттай жер тарпытып, Жүрмеппін бөктергіме байланып жем.
Күз бой, қыс бой иектеген сан сырқат, Қақтаса да қызыл шоқтай тандырлап. Құдай оңдап, Қызыр қолдап, әруақ жар, Қазірінше қалғаны жоқ қан құрғап. Құлағым сақ, қызыл тілім самбырлақ, Бас та, қол да өз ісіне қамбыл-ақ. Ақ бидайын желге ұшырып, қалбырлап,…
© Естеу Нүсіпбеков Қуғынды үйде туылғам, Қуғынды күн кешірдім. Сүргінде бел буынғам, Сүргінде ойды өсірдім. «Халық жауы» атанған Менің де әкем, ағайым. Қағып сыртқа қатардан, Қабақ шытқан ағайын. Қорлансам да өлмедім, Ерте қатты қабырғам. Өгіз күшпен терледім, Өгіз міндім сабырдан.