ШҮКІРШІЛІК

Естеу

Күз бой, қыс бой иектеген сан сырқат,
Қақтаса да қызыл шоқтай тандырлап.
Құдай оңдап, Қызыр қолдап, әруақ жар,
Қазірінше қалғаны жоқ қан құрғап.

Құлағым сақ, қызыл тілім самбырлақ,
Бас та, қол да өз ісіне қамбыл-ақ.
Ақ бидайын желге ұшырып, қалбырлап,
Тиірменін жүргізіп тұр даңғылдап.

Ырысы орта, ыдыстары қаңғырлақ,
Жүгі шағын, арба-қосы саңғырлақ.
Болса дағы, көші түзу, көлік сай,
Бір қобыны даң қылады даңғырлап.

Төрде құдам сөйлесе есіп, аңқылдап,
Қалыспайды құрдасым да сампылдап.
Асыр салып немерем мен жиенім,
Аулада ойнар қыз қуыршақ алқымдап.

Жайлау барып жатпасам да салқындап,
Жайым жоқтай өкінбек те алқынбақ.
Көп кітап боп кетпесе де қарқындап,
Газетке өлең шығып та жүр там-тұмдап.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре + четыре =