Үмітім — көнбіс көк дөнен,
Жел сүзіп жалын жымады.
Бөлісер жүк жоқ өңгемен,
Тайсалып неден қыңады.
Күтеді алдан сынағы,
Құлағын артқа жығады.
Сенімім — көнбіс көк бесті,
Тағалап жектім арбама.
Көк шағыл өткел көп кешті,
Көп түсті көкпар — салмаға.
Тері сор: — тоймай қармаға,
Шыға алмай жайнап жарнаға.
© Естеу Нүсіпбеков