ШӨГІП ӨСТІМ

© Естеу Нүсіпбеков
Қуғынды үйде туылғам,
Қуғынды күн кешірдім.
Сүргінде бел буынғам,
Сүргінде ойды өсірдім.

«Халық жауы» атанған
Менің де әкем, ағайым.
Қағып сыртқа қатардан,
Қабақ шытқан ағайын.

Қорлансам да өлмедім,
Ерте қатты қабырғам.
Өгіз күшпен терледім,
Өгіз міндім сабырдан.

Озбасам да өзгеден,
Қатарымнан қалмадым.
Түспесем де көзге ерен,
Еш талаптан танбадым.

Қақпақ қойдым аузыма,
Айғайшылар алдында.
Тізгін тарттым даусыма,
Тізгін тарттым қалжыңға.

Шөгіп өстім төменшік,
Бұқпа мінез ерттедім.
Қалдым содан көбеңсіп,
Іш құса көп, өрттемін.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пятнадцать + 16 =