Қою шәй

© Естеу Нүсіпбеков
Қайнайды қапалық,
Қыздырып жапалық.
Шәйнегім тасиды
Қақпағы қақалып.

Алмаймын шоқтан көз
Шығарам оттан тез.
Қаймақтап сүт қосам,
Қоюлап діт қосам.

Емес қой түк босаң,
Үнді шай ұрттасаң.
Жадырап қабағым,
Күй төгер шанағым.

Татқан дәм таңдайдан —
Моншақ тер маңдайдан.
Бусансам, сусиды
Шапаным шалғайдан.

Сергиді зейілім,
Кеңиді бейілім.
Әр нәрсе есімде,
Не демеу шешімге?

Қысқалық, тапшылық
Жетпейді кесімге.
Алаңмын жетсем деп
Сәскеден бесінге.

Қандырар аңқатты
Қанша сеп қою шай?
Қампитып қарынды
Мұрат па тою жай?
Тыныштық, тауфик бер
Көңілге, бір Құдай!

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать + 14 =