Ақ бұлағым тануға,
Анализші сен болдың.
Асыл судан қануға,
Кесе ұсынған сен болдың.
Математик ғалымсың.
Атақты да қорғаған.
Баспагерсің, заңгерсің,
Кітабың бар ондаған.
Бауырмалдық бойыңда
Қайнап тасып жатқандай
Ақ ниетің нұр жайнап,
Алаулайды-ақ ақ таңдай.
Ер-азамат орнына
Жүріп тұрсың ісіңмен.
Бөріктіден биіксің,
Анау-мынау ісінген.
© Естеу Нүсіпбеков 2001 ж.