Нағыз ер
Нағыз ер: аршынынан талмағандар,
Саудаға ар-ұятын салмағандар.
Қатарды аяғынан шалмағандар,
Озғанды түп етектен алмағандар.
Нағыз ер: теңтұсына тараймаған,
Артынан жеткендерге алаймаған.
Өз жолын, өр-еңісін абайлаған,
Бақ-тәлей басқада артса қараймаған…
Нағыз ер: қиындықтан қашпағандар,
Қауіпте, қатерде де саспағандар.
Жалалы, пәлелі де жау төнгенде,
Берілмей, жан құлыбын ашпағандар.
Нағыз ер: сөзде тұрып, сөз жегендер,
Малтасын жөн-жосықсыз езбегендер.
Арын да, ұятын да таза сақтап,
Сенімнен, иманынан безбегендер.
Шыдайды бәсекеге осындай ер,
Серік — сол, ең шыдамды досыңдай көр.
Бел буып сен де қосыл бәсекеге,
Бел бусаң — қос қолыңды шошынбай бер.