БОСАҒАН АРҚАУ

Ағайынға ағайын жат болар-ақ,
Қайыр-мейір азайып сап болар-ақ.
Сертте тұрмас, селт етпес, иіс алмас,
Сергелдеңге мына жұрт тап болар-ақ.

Қорқынышым менің тым көбейгендей,
Жорықсыздық жолы тым кеңейгендей.
Әже өлген күн үйленген қызды көріп,
Көк өгізі үміттің шөмейгендей.

Түскендей-ақ түйеден сөйлеп кесек,
Жүргендер де сумаңдап тасиды есек.
Тоқ қарында жатқан соң иісті есеп,
Сұрамайды халыңды тартсаң төсек.

Кей ісіне таң қалам халқымыздың,
Түсінбеймін не екенін нарқымыздың.
Мәймөңкеге үйірміз жалпақ шешей,
Босап-ақ тұр арқауы салтымыздың.

© Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × 1 =