Метка әке

Ауыл әлем-тапырық

Ауыл әлем-тапырық, Арақты жүр сапырып. Баласы ұрсып әкеге, Шыға келер ақырып. Адамы азғын, малы арық, Мөлиеді аларып. Еріндері кезерген, Жел өтінде қабарып.

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен

Жанымда қалтарыс жоқ айла бүккен, Жадағай тозып келем жай қалыппен. Жүзбе-жүз айтылыпты сөзім түгел, Бүркелмей жамау-жасқау жайма әдіппен. Пердесін жалғандықтың жұлып аппын, Көлгірсіп көз алдамай найқалып өң. Жылпосты жемқор аттай жер тарпытып, Жүрмеппін бөктергіме байланып жем.

ШҮКІРШІЛІК

Күз бой, қыс бой иектеген сан сырқат, Қақтаса да қызыл шоқтай тандырлап. Құдай оңдап, Қызыр қолдап, әруақ жар, Қазірінше қалғаны жоқ қан құрғап. Құлағым сақ, қызыл тілім самбырлақ, Бас та, қол да өз ісіне қамбыл-ақ. Ақ бидайын желге ұшырып, қалбырлап,…

ШӨГІП ӨСТІМ

© Естеу Нүсіпбеков Қуғынды үйде туылғам, Қуғынды күн кешірдім. Сүргінде бел буынғам, Сүргінде ойды өсірдім. «Халық жауы» атанған Менің де әкем, ағайым. Қағып сыртқа қатардан, Қабақ шытқан ағайын. Қорлансам да өлмедім, Ерте қатты қабырғам. Өгіз күшпен терледім, Өгіз міндім сабырдан.

Қақпадан шығып қарасам

© Естеу Нүсіпбеков Қақпадан шығып қарасам, Кеңиді ғажап тынысым. Жадырап жаным орасан, Жазылып бойдан құрысым. Ағылған жұртты көремін, Көлікті және жаяулы. Егдеге сәлем беремін, Жарқын жүз, жаны аяулы. Мектептен қайтқан баланың Наз үні желпіп сергимін. Ақ самай, ақ шаш ананың…

КІСІЛІК ПЕН КІШІЛІК ЖАЙЛЫ ҮШ ӨЛЕҢ

1 Ақ ділді адаспасам түсініктен: Кішілік бір кіндіктен кісілікпен. Айырсам кісілікті кішіліктен, Діт түсік тастайтындай ісініп дем. Ісініп, тастатпайын дітке түсік, Адамдық ар салмағы жүктен күсіп. Арман не қой асықтың бірі болсам, Тұратын алшыдан да, шіктен түсіп.