Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?!

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?!
Сұқ сөз аз ба асымды арамдаған?!
Мың сүрініп, мың тұрып аман қалып,
Сұқ көзге де, сұқ сөзге арандағам.

Бұл күнімде бәрі ұмыт, даңғылдамын,
Қаңқудың да ұмытқам қаңғырларын.
Үлкен кінә — жігерді құм қылғаным,
Үлкен айып — ақылды дал қылғаным.

Көзім қара, денім сау, санам саңлақ,
Үй-жайымды ұл-қызым отыр қамдап.
Қалам ұстау — бүгінгі бар жұмысым,
Ұстамақ кім аяқ-қол, шықсам самғап?!

Мың шүкірлік етемін тағдырыма,
Алла берген сөз түзер мағдырыма.
Жүрек жылтқан заманам тынысына,
Егеменді Елімнің бақ-нұрына.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять + один =