Метка Аллах

Құдайым өмір берді сөресі алыс

Құдайым өмір берді сөресі алыс, Пешенем болғаны ма кере қарыс? Жарар ед солай болса.Әй, білмеймін, Қайда бар жүгінерлік төре, қалыс? Сауал көп: Хақым қанша мақтануға? Көп жасап көп күнаға батпадым ба? Ада етіп ақ парызды ақтадым ба? Әрдайым ар-ұятты сақтадым…

Құдайым өмір берді мәресі алыс

Құдайым өмір берді мәресі алыс, Өнерлі ойда таңдатты бәйге-жарыс. Қолдан қалам түспеді елу бес жыл, Не тындырдым, әз жұртым өзің қалыс. Әділдігін өзің айт, қайран қалыс, Болмағаным ап-анық сайран салғыш. Тек өнерді қууға босатпады Қыл арқандай мойнымнан байланған іс.

Азырақ ағайынға айтар назым

Азырақ ағайынға айтар назым: Көңілім қоңыр күйдің тартты сазын. Елу жыл еңселігін жыр жүгі езген, Бұл Естеу сымпылдатты аққу, қазын. Қаз қойқаң, үйрек байпаң, аққу саңлақ, Сақ жүзді тыныш қоныс, айдын таңдап. Кім кепіл тұрмағанға қанға жерік Сұр мерген қарауылға…

Жүректерге жол табар сөз іздеймін

Жүректерге жол табар сөз іздеймін, Кейде таңға сарылып көз  ілмеймін. Қорқатыным бір Алла, онан кейін, Алла құлын уайымдап безілдеймін… Отан – ордам, ел-жұртым, тағдырласым, Үмітім мен ұятым, балғын жасым, Көз тігеді түгелдей елең қағып, Сырлы, сынды мысқылмен жан құрдасым. …Жалғыз…