Жүректерге жол табар сөз іздеймін

Жүректерге жол табар сөз іздеймін,
Кейде таңға сарылып көз  ілмеймін.
Қорқатыным бір Алла, онан кейін,
Алла құлын уайымдап безілдеймін…

Отан – ордам, ел-жұртым, тағдырласым,
Үмітім мен ұятым, балғын жасым,
Көз тігеді түгелдей елең қағып,
Сырлы, сынды мысқылмен жан құрдасым.

…Жалғыз көзді диюдай Ғаламдасу,
Содыр Соғыс, сұрқия Жамандасу.
Үрейлейді үй сыртын дүңпілдетіп,
Заманақыр төндіріп – тамамдасу..

Соларды ойлап баста ми мазаланар,
Маза тапса, – Жан, Жүрек жазаланар.
Жол таппаса Жүрекке жадағай ой,
Далбасалап даңғайыр  азаланар.

Таңдап берер дәмдісін  барда асынан.
Не сыбаға сақтайтын болмашыдан,
Еміренген анадай таң құрғатпай,
Тапқанымды қолтықтап жолға шығам.

Беретіні көп менмін, алатыннан,
Таусылмаймын шыдамнан, тағатымнан.
Құдайға да халқыма сала айтайын:
Сарқылмайын саумал жыр сабатымнан.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать − 4 =