Жеттім жақсы заманға еңсем биік

Алды да емес, арты емес ғұмыр-көштің,
Алты патша дәуірін бастан кештім.
Алып қалды аман-сау Бірім-Барым,
Апаттардан ағызған тасқын-көшкін.

Жеттім жақсы заманға еңсем биік,
Шабыт құсым шарқ ұрып, белсендіріп.
Көбеңдемей көк дөнен көсіледі,
Жетпісімде желігіп ершен жүріп.

Қандай тағдыр күтіп тұр алдымда әлі?
Қай пұшпақты бұлыңғыр мағлұмдары.
Қай тұсына малтығып жетер екем?
Қалың ба әлде жұқа ма таудың қары?

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 + девять =