О, менің жақсыларым, жайсаңдарым

О, менің жақсыларым, жайсаңдарым,
Қыңбаған қиындардан қайсарларым.
Қасқайып қай-қайсың да халқың үшін,
Түрмеге түсуден еш тайсалмадың.

Қақ жарып қара қылды әділ сөйлеп,
Тарттыңдар тас таразға ар салмағын.
“Бас кеспек болса-дағы, тіл кеспек жоқ”,
Сөз ұстап, сөзде тұру – жар  салғаның.!

“ Ез – екі, ер бір өлер” –  әспеттерің,
“ Жан – арым садағасы” – қарсы алғаның.
Жер дауы, жесір дауы, кісі құнын,
Бір сөзбен бітіруші ең ай саңлағым…

О, менің дуалы ауыз жайсаңдарым,
Орныңды толтыра алмай шаршаудамын.
Шешенсіп шіренгендер көп болғанмен,
Шырмалды шыжымына бар сауданың.

Шуылдақ шыжбақай топ шұр-шұр етіп,
Қуықтай жыртар болды тар шалбарын.
Алты алаш сендерді іздеп, ат сабылтып,
Арманда қандыра алмай аңсарларын…

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать − 1 =