Тау орманы

kokjailau

Бала кез орман тауда ойнағанмын.
Асырсап әр қойнауын бойлағамын….
Қалада өнер қуып жүргенімді,
Сағынып талай кеште ойнағанмын.

Достарға сөйлейтінтін мақтана бір,
Жайқалған кездерінде бақша да гүл.
Әйтеуір Тянь Шань таудың бұл суреті,
Жататын ой өлкемде қаттала бір.

Ойпырмай!… Кейде күдік қосылатын,
Кенеттен сағынышым шошынатын.
Ондайда орман тәнге от жабысып…
Балта алып отыншылар жосылатын.

Ал мұнда келгенімде «О керемет!»
Қысаңды кең етіпті жол кере кеп…
Ақсақал өрден маған дауыстайды,
Деп: «Балам, бері келіп қол бере кет!»

«Қабылдап орманшы ата аралатты,
Мінгізіп жібек жалды жарау атты,
Тар жолда таяқ ұстап жаяуладық,
Самайдан тер шымырлап тарап ақты…

Солқылдап сұңғақ кербез қарағайлар,
Заңғардан киік жортқан алады айбар.
Қарақат жаудыратса мөлдір көзін,
Тіпті алқау шиді қарайды баладай тал.

Тас бұлақ әнге бөлеп атырабын,
Қайыңның қамшылайды жапырағын.
Алалап меруерт тасын мөлдір тасқын,
Ұйытып тау шатқалын жатыр ағын.

Шетендер қызыл күлте маржан таққан,
Қалмақтық қызын айтып ажал тапқан.
Құпия тұнжырайды сырын сақтап,
Дегендей көк долданса жайдан сақтан.

Өтпейтін ит мұрны жыныс шілік,
Ырғайлар, итмұрындар тыныштылық,
Сиреген қоян жымы жерде шеткі,
Жел ырғап солқылдайды бір ұшы шық.

Көк қырғи қияс ұшып сыпылдайды,
Жалтақ көз сауысқандар шықылдайды.
Ағаштан ағашқа ыршып ақсұр тиын.
Адамзат тықырынан қыпылдайды.

Еске сап сағыз исі балалықты,
Болғанда ұмыттыр қырма мұртты.
Жас сағыз тамшылатқан шор қарағай,
Деп тұр ғой келбетіме қарамықты.

Көк балдыр балаусалар жұмсақта өскен,
Қарайды кең дүниеге жұмсақ түспен.
Нәп нәзік сыбдырлаған жанмын, әнім
Самал жел айтпас па екен бұлшаққы ескен?

Орманды тау өрінде шаңқылдаған,
Бүркітке жаңғырық қосты маң тыңдаған.
Ол неге үн қатты екен, ұқшы сырын,
«Қайт кейін, дейме бізге қалпыңда аман!»

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пятнадцать − 9 =