Метка сағыныш

ШҮКІРШІЛІК

Күз бой, қыс бой иектеген сан сырқат, Қақтаса да қызыл шоқтай тандырлап. Құдай оңдап, Қызыр қолдап, әруақ жар, Қазірінше қалғаны жоқ қан құрғап. Құлағым сақ, қызыл тілім самбырлақ, Бас та, қол да өз ісіне қамбыл-ақ. Ақ бидайын желге ұшырып, қалбырлап,…

ШӨГІП ӨСТІМ

© Естеу Нүсіпбеков Қуғынды үйде туылғам, Қуғынды күн кешірдім. Сүргінде бел буынғам, Сүргінде ойды өсірдім. «Халық жауы» атанған Менің де әкем, ағайым. Қағып сыртқа қатардан, Қабақ шытқан ағайын. Қорлансам да өлмедім, Ерте қатты қабырғам. Өгіз күшпен терледім, Өгіз міндім сабырдан.

Бұқара Тышқанбаев әруағымен тілдесу.

Естімей бір мадақ сөз мейір қанды, Кеттің көрмей жақсы күн, жақсы таңды. Тигені жоқ сыбағаң, толық еншің, Өткізсең де басыңнан талай даңды. Ұзақ аңыз кешірген — арғың, бергің, Тарғалаң жол, тар кезең ауғын, келгін… Сонда да сен «Қасен мен Жәмиладай»…

Есігім

Ерке өзенім, Есігім, екпіндеген, Ел қадірлер шағың бұл жеттім деген. Жуасыды шу асау ағындарың, Арбасына өмірдің жектім де мен. Жағаң жасыл бау, бақша миуа тұнған, Арасында сәуле-бұрым ширатылған. Сұлулықтан, кілең жас тәттіліктен Жићазды үйсің әдейі жинатылған.

Қасиетіңнен айналайын адамдар

Қасиетіңнен айналайын адамдар, Кірпік қақпай маған тіке қараңдар. — Сырлар іздеп, сендерден де көз алмай, Көңіл алмай, шақтарым көп алаңдар. Ерке епшіл саусақсыңдар әрбірің, Сыңғырлатып шертіп тұрған жан қылын. Құйыласың көкірегіме күй болып, Еркін бойлап, бетіңде ойнап қан, нұрың.

Амандасу

Жаз. Дала. Бетегелі үйдің қасы. Көк бурыл желкілдейді шидің басы. Жантайған сары жоңышқа құшақ жайса, Құлын кекіл сусиды жусан шашы. Су жақта-балалар мәз жайраңдасып, Ат болып, атан болып тайраңдасып. Сағынып-қарлығаш та қалғьн болар, Аймалап, жүр төбемде амандасып.