Метка сағыныш

Атамекен

Атыңнан айналайын атамекен! Кіндік қан сенде төккен атам, әкем. Тал бойым, табиғатым саған мәнсұк, Тер тегіп от қойныңды Отан етем. Сен маған махаббаты от анамдайсың, Сімірткен балды земзәм банандайсың. Биікке бала құстай алып шығып, Әр танда қанатымды тарамдайсың.

Қоштасу

До свидания, қолың бер жүңгөлік дос! Кетіп барам еліме көңілім хош. Жалын алдым жаныма дәл өзіңдей, Тең ұсынып қолыма өмірім дес. Ұлар етін жегендей Ұлы таудан Мен Жүңгөні, достарым, ұмыта алман. Бірге өстім сендермен, бірге күлдім, Бірге таптым ортақ жол,…

Мен деп біл

Желпісе самай шашыңды, Аймалап майда жұпар жел, Аялап жүрген мен деп біл. Елтітсе жаның-жасынды, Кірпігін қадап шұғла-нұр, Көгінде күлген мен деп біл.

Көзін ашпақ болып қалың наданның…

Көзін ашпақ болып қалың наданның, Досы болды әкем кітап, қаламның. Сол әкеміз және алғашқы ауылда Бірі болды мектеп ашқан адамның. Бірі болды ашық көзді адамның, Бірі болды ғашық сөзді адамның. Сол әкеміз ойпыл-тойпыл заманда Ілінгені-ақ нысанасына наданның.