Мен деп біл

Желпісе самай шашыңды,
Аймалап майда жұпар жел,
Аялап жүрген мен деп біл.
Елтітсе жаның-жасынды,
Кірпігін қадап шұғла-нұр,
Көгінде күлген мен деп біл.

Телмірсе көктен алтын Ай,
Боз сәуле құйып далаға,
Сағынып жүрген мен деп біл.
Тас бұлақ көрсен сарқырай,
Кұйғыған таулы салаға,
Сусының болар мен деп біл.

Гүрілдеп көше бұршынан,
Машина бері айналса,
Алыстан келген мен деп біл.
Дабырдан, кейде тыншудан
Кенеттен тықыр тыңдасаң,
Терезе қаққан мен деп біл.
© Естеу Нүсіпбеков,1961.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать + восемь =