Сыйлаған тірлігімді сауға қылып

Сыйлаған тірлігімді сауға қылып,
Сиынам жалғыз Хаққа тауба қылып.
Құдайды ұмытпауым – бас парызым,
Арбадан түспей тұрып аударылып.

Ризамын одан кейін отбасыма,
Жақұттай жарқырған шоқ тасыма.
Қарайтын асты-үстіме, ем-домыма,
Ұйытқысы ұл-қызымның топ басына.

Жаздырған өлеңімді, ой қаздырған,
Ап шығып ауық-ауық бой жаздырған.
Жүректің жыдуымен, жайлы сөздің
Жетерлік күш-қайраты бойға дәрман.

Әлпештеп ұстап отыр алаңдатпай,
Ой шашып әр қиырға далаңдатпай.
Қолым бос бар нәрседен күні бойы,
Түнде де тек жатпаймын қаламдатпай.

Әуелі Алла болса шуақ берген,
Онан соң үйішім-ау қуат берген.
Жаңылман таубамнан да ризалықтан,
Тірлікте осы шығар жұмақ көрген.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три + 19 =