Көп үндемей жүргенге, ойсыз деме

Көп үндемей жүргенге, ойсыз деме,
Созбағанға мойнымды, бойсыз деме.
Өзімді іркіп, өзгеге кезек берсем,
Көңлі күнсіз, аспаны айсыз деме.

Ұсақ данқ, бас пайда, жеңіл сезім,
Көрсеткенмен алтын қып көңіл жезін.
Ақыл отын жағуға суын сеуіп,
Қысқа өлшетіп кетпей ме өмір өзін.

Сөз бипаздау болған соң қырттың ебі,
Жауа алмаған құр күркір бұлтты көгі.
Өз жұқасын қампайтып қаймықпай-ақ,
Кінәлайды тым жеңіл жұртты көбі.

Алар әділ сыбаға ісінбеу де,
Ақыл мен ой бағасын түсірмеуге.
Кенді өлкесі кеуденің дүркіресе,
Әуелі ұсын іркілмей ісіңді елге.
© Естеу Нүсіпбеков 1965.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать + семь =