Сушы

Без бүйрек табиғаттың бермесіне
Көз сүзіп, түртінбекпін мен несіне?
Аламын аларымды аңырмай-ақ,
Аял жоқ ат байларға кермесіне.

Егіндік бой түзесін, танып алсын.
Ғашығын құшып, шөлі қанып алсын.
Сағадан сықылықтатып су әкелдім,
Өмірі жасаңғырап, бағы жансын.

Әкелдім аңсап күткен бақыт асын,
Шыпшытып күріштің де патынасын.
Күлімдеп ерні жібіп жаз таңында,
Күнбағыс күнге жайсын тақиясын.

Сенгенім,- өктемсінсем, өз еңбегім,
Әсте жоқ ешкімге от кезенгенім.
Жап-жасыл құлын құлақ жүгерінің
Су жайып күтудемін тез өнгенін.
© Естеу Нүсіпбеков Қайнар. 1961. Мамыр.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 − шестнадцать =