Сөз бер маған, замандас,айтарым бар,
Айтар ойдан дәуір бұл қайтарым бар.
Құлқы ынтық құлақпен құйып алып,
Құлазыған көңілден жай таныңдар.
Алдау, арбау көбейді бұл өмірде,
Суық бауыр, тас мейір сұр көңіл де.
Еткен тірлік, емінген емшектің де
Сыры, жыры әр басқа біле-білге.
Біреу тойып секірсе, біреу тоңып,
Ал біреудің кигені күнде оңып.
Коттеджді үйде хрусталь айда ауысса,
Ағаш кепсер ұстады бір үй жонып.
Бақташы мен егінші күйсіз қалды,
Балға ұстаған жұмысшы үйсіз қалды.
Қалада өріп жезөкше, наркомандар,
Қаптап кетті қайыршы, мисыз бәңгі.
© Естеу Нүсіпбеков
[…] жүр: Сөз бер маған, замандас, айтарым бар, Айтар ойдан дәуір бұл қайтарым бар. Құлқы ынтық […]