Метка Отан

Қуғын-сүргін құрбандары кесенесінде

Ақпан соңы. Астана. Кесенеде — Арқа аязы есіп тұр еселене. Сәті түсті көрудің, Дәл сол күнге Жазылыпты зиярат пешенеме. Азынаса ақ түтек боран сыртта, Көк сүңгі мұз қатырып қас пен мұртқа. Ішімде де уілдеп ысқырып тұр, Қалшылдатқан қарлы ызғар ала…

Жаңа жыл, жаңа ғасыр

Жаңа жыл, Жаңа ғасыр, Жаңа мыңым! Талайы сапырылды бағалының: Жылқыда тасырқамас тағалының, Өзенде тас бұлақты сағалының. Айтары әліде көп Ағалының: Жайлаудың жазда өсетін самалымын. Жайнаңдап жұпар шашар жамалымын, Ашылған раушан гүлдей қабағымын.

Ел нышан

Апталған алтындай шұғылалы шаңырақ, Төбеде жайнайды Күн Сәуле жамырап… Дейтіндей Елтаңба егемен Еліме: — Бас қамшы, қанатты арғымақ аңырат! Шаңырақ шайқалтпас уық та, Кереге, босаға — Өзіміз. Ант айтсақ, адалмыз әр сөзге, Қалтқысыз қырағы Көзіміз.

Сен де перзент еліңе

Елулікке енбекші еңселі елім, Байқады әлем терезе теңшелерін. Байқады әлем көз жазбай қазақемнің, Бел буынып көп істі еңсерерін. Байқады әлем жарысқа қосқан ұл, қыз, Бәсекеде бәйге алып белсенерін. Байқады әлем қазақты Нұрсұлтандай, Ел бастаудың ысылған ең шеберін.

Бөлекше тұстасынан

(Батыр, ер Рахымжан ағаға) Шәпету , сары жігіт, өңі ашаң, Ырғайдай , тіп-тік түзу және жасаң. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын дегдар, бекзат, Деп түйген: “Айтқан сөзден айнымасам”. Сол дітін нықтап тұтқан өмірінде, Жатқан шоқ жайнап оттай көңілінде. Оққа ұйтқан жаудың…