Апталған алтындай шұғылалы шаңырақ,
Төбеде жайнайды Күн Сәуле жамырап…
Дейтіндей Елтаңба егемен Еліме:
— Бас қамшы, қанатты арғымақ аңырат!
Шаңырақ шайқалтпас уық та,
Кереге, босаға — Өзіміз.
Ант айтсақ, адалмыз әр сөзге,
Қалтқысыз қырағы Көзіміз.
Әр жанар, әр көңіл пейілді, мейірлі,
Шолады самал жел, саумал көл өңірді.
Осы елдің нышаны – тұп-тұнық Көк Туы
Меңзейді алысты – болашақ өмірді.
Ұстасам қолыма Көк Туды,
Кернейді қуатым бойымда.
Отандық ерліктей, өрліктей.
Борышты молайтып мойынға.
Бастайтын ерлік іс: еңбекке, ерлікке,
Үндейтін достыққа, ынтымақ, бірлікке.
Бастырмас сырт жауды қарыс жер Еліне,
Сыры іште Тау Барыс болмақшы ендікте.
Ән ұран – Асқақ үн ел жайлы,
Оны айтсам – қан бойда тасады.
Өтеді көз алдан Отанның
Самсаған Ұланы – жасағы.