Сауал жаңбыр.

Егемендік елде кімге не берді?
Егемендік төлеуіне ел не көрді?
Кім алданды, кім арбалды, кім жырғап?
Үлде менен бүлдеге кім бөленді?
Қырда малды, ойда егісті жекелеп,
Қан талапай үдеткен кім жегенді?
Қырған, сойған аз болғандай бастыққа,
Кім шығарды айырбастау дегенді?
Қанша шопан қаңыратты қорасын?
Қанша шаруа ұзарта алды көгенді?
Арық қазған адам бар ма аулыңда?
Толтыртты ма, ортайтты ма бөгенді?
Озатын кім, тозатын кім – белгісіз.
Бәйгеге әркім қосты бір-бір көбеңді.
Обыр киіт, жайып болып – жоғарғы,
Жұтылатын шабақ болды – төменгі.
Не боламыз жүре берсек арқалап
Бас жұтатын іштегі ісік шеменді?!
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один + один =