Арқаның суық бораны

Арқаның суық бораны
Арқадан өтіп барады.
Алда тұр қарға малтығып,
Азынап құрбан алаңы.

Жібімей қатқан мұздары,
Қайтпапты қыстың ызғары.
Қариды іште өзекті,
Қосылып тарих ызбары.

Тіріліп түгел құрбандар,
Орнынан өре тұрғандай.
Әруақтың бәрі қолдасып,
Біздерге бетін бұрғандай…

…Шәкәрім әлде Міржақып,
Білдіріп ашық ризалық,
Құйып тұр Алаш көгіне,
“Нұрнама” оқып Нұр Жарық…
© Естеу Нүсіпбеков. 2001ж

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять + 4 =