Ашуыма жеңдірсем ақылымды,
Айналамнан азайтам жақынымды.
Үрейлі өзге үрікпеу үшін-дағы,
Іркіп қалам апыру, жапыруды.
Ерсілік пе расы сесі кемдік?!
Санала ма шынында десі кемдік?!
Меніңше бұл – ең абзал дару шығар,
Мінездегі сырқатқа несібе емдік.
Ашу – шайтан , сау ақыл – ақ періште,
Аллаһ дарып, дамылдап жатқан іште.
Шайтан жеңсе – сорым ғой, өкініш қой,
Көбейеді ұтылыс, матқапы іс те.
Періштемді сақтайын періштедей,
Жүрегімнің әмірін терістемей.
Айналамнан үркітсем адамдарды,
Асу аспай қалармын, өрістемей.
© Естеу Нүсіпбеков.
«Періштемді сақтайын періштедей,
Жүрегімнің әмірін терістемей.
Айналамнан үркітсем адамдарды,
Асу аспай қалармын, өрістемей.» Ақылыңнан айналайын, Папа. «Сабыр түбі сары алтын , сарғайған жетер мұратқа»деп отырушы едіңіз, соның дәлелә өлең жолдарыңыз да бар екен. Рахмет, маған арғы беттен де ақылыма ақыл қосып отырсыз! Алланың рахымында, Пайғамбарымыздың шапағатында болыңыз!