Ермек, Еркін, Ерлан, Беглан — қанаттарым,
Жас топшылы құстарым, жанаттарым.
Бір жүргенге туыстар не жетеді?!
Сыйлар ағаң тұрса алда — санаттарың.
Жақыныңды танып өс, алысыңды,
Алыстатпа келісің, барысыңды.
Мәрттік мінез аз емес халқыңдағы,
Жігітке тән жіберме намысыңды.
Қанат — сендер, серпіліп ұшқанымда,
Сендер барда сескенер дұшпаным да.
Екенімді білгендер елді-жұртты,
Дәттенбейді алам деп қыспағына.
Бір әулеттен тараған бұтақтарым,
Бәйтеректей мәуелеп бұтақтағын.
Жақсы атаның шығар жай жақсы даңқын,
Сая жайлы қонысың жұтатпағын.
© Естеу Нүсіпбеков