Шоған абыз жайлы


© Естеу Нүсіпбеков, 1972 ж.

Соңғы жылдары ел ішінде болған шағымда көне көз қарттар: 92 жастағы нарынқолдық Нәби Бүйенайұлынан, Тілеужан Смағұлұлынан, Әнуәр Мейірбековтен,  сарыжаздық Әнуәрбек Әбдімәдиұлынан, текестік Дәуітбай Өзбекұлынан, қырғызсайлық Жанәбіл Смадиұлынан т.б. жазғандарым:

Осы арада ел аузындағы мынадай екі әңгімені баяндай кетейін:

Бірінші аңыз – Шоған абыздың асырап алған екі баласы Үмбет пен Мәмбет жөніндегі әңгіме.


Біздің ата-бабаларымыздың Шыршық маңында жүрген заманы  екен.  Шоған абыз бір сарт қойын бағып жүрген ағайынды екі жетім баланың ғаріптік жайын біледі. Қазақ екенін ұғады. Мейірі түседі. Екеуінің де арқаларындағы қалын көреді.

–Маған бала болсаңдар, мен екеуіңді де азаптан құтқарамын. Еліңе қосамын,- дейді.

Балалар да абызды ұнатса керек, уәде береді.

Абыз айтады:

–Бұл елдің ханы мен қарасы жиналған топқа сендерді алдыртамын. Сол кезде сендер мені көрген заман, аталап маған жүгіріңдер… Сонан кейін арғысын өзім түзеймін, — дейді.

Кешікпей екі бала шаршы топ ортасына шақырылады. Ақсақалы желбіреп топ алдына шығып тұрған Абызды көрген екі бала жарыса:

–Ата! Абыз ата!,-деп ұмтылады.

Шоған абыз екеуін де құшақтап көтеріп, мойындарынан иіскейді.

Дау басталғанда, Шоған абыз біріншіден, екі баланың да өзін танып отырғанын, екіншіден, арқаларында айрықша белгі – қал барын, олардың көлемі мен түсін де дәл айтып дәлелдеп, ханға шешәм шығартып, еліне алып қайтады.

Екеуін де үйлендіреді. Үмбеттен Шажа туады. Онан соң Үмбет қайтыс болады да, келіншегі Солтанбек жесір қалады. Үмбеттің жылын берген соң, оның әйелі Солтанбекті  Шоған абыз өз ұлдары Тұғыжан мен Дәуреннің біріне қоспақ болса, екі ұлы да: «Сіңбенің әйелін алмаймын, құлдық қатынын алмаймын», — деп азар да безер болады. Сонан соң Шоған абыз бауырларымен ақылдасып, Солтанбекті ағасы Досалының ұлы Бірімбетке қосады. Бірімбет алған соң, осы Солтанбектен Құлсадық, Жансадық туады. Сөйтіп, Шажа, Құлсадық, Жансадық – үшеуі шешелес болады. Ол – рас, Албан еліндегі қазіргі ата буынның жас шағына дейін бұл үш атадан тараған үш рулы ел «енелеспіз» деп, бір-бірінен қыз алыспағанын көп адам біледі.

Сүйерқұл шежіресі
Сүйерқұл шежіресі

Екінші аңыз – Мәмбет-Алжан жөніндегі әңгіме.

Жаңағы Шоған абыз танып әкелген екі ұлдың кішісінің алғашқы аты Мәмбет екен. Ол өте елгезек, еңбекқор жігіт болыпты, Абыз да, басқа қарттар да «Ал, жаным», «Ал, жаным» деп жүріп,  Мәмбет аты ұмытылып, Алжан атаныпты. Оған қасиетті Шоған абыздың да, басқаның да батасы қоныпты. Кейін о кісінің ұрпағынан бүкіл қазақ елін шет дұшпаннан сақтаған атақты батырлар шығуы сонан делінеді.

Білетін ортадағы бүкіл Албан Алжан баласына жол ұсынса, Алжан баласы Шоған әулетіне жол ұсыну дәстүрі де осыдан қалыптасқан. «Жол – Алжанда, олжа — Шоғанда» деген де содан қалған.

© Естеу Нүсіпбеков, 1972 ж.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

10 ответов к «Шоған абыз жайлы»

  1. Зәуре ханымға-Серік жәйлі:

    Ауылы оның Хантәңірдің етегінде,
    Ұлытау- Ілебасы мекенінде.
    Ардақтап аялаған туған елі
    Абыз Шоған өсиеттері жетегінде.

  2. Иә, Айжан қарағым. Шүйке деген ру Албан ішіне кіреді. Шүйкенің азан шақырып қойылған аты Жансадық (http://www.yesteu.kz/2010/10/zhansadyq-shujke-shezhiresi/) Осы сайттың Шежіре (http://www.yesteu.kz/category/omirzholy/shezhire/) деген бөлімін оқысаң көп информация бар. Суреттермен де берілген жерлері бар.

  3. САЛЕМЕТСІЗБЕ АҒА!СІЗГЕ КОЯР САУАЛЫМ БАР ЕДІ. ЖАУАП БЕРСЕҢІЗ, РИЗА БОЛАР ЕДІМ. ШҮЙКЕ ДЕГЕН РУ БАР ЕДІ. СОЛ ЖАЙЫНДА, КАЙ ЖҮЗГЕ ЖАТАТЫНЫН, ЯҒНИ ТОЛЫҒЫРАҚ АКПАРАТ БЕРЕСІЗ БЕ?

  4. Сәлеметсиздер ме? Мен Албан оның ішінде Алжанмын ал жігітім Албан оның ішінде Шажа. Ел ішінен Алжан мен Шажа туысқан олар қыз алыспайды дегенді естідік. Содан уй іштерімізден сурасак жігітімнің уй іші қарсы емес ал менің үй ішім қарсы. Сіздер біздерге қандай ақыл айтасыздар!!!

  5. Бәрекелді, ойшыл, батыр Абыздың ұрпақтары! «Жеті атасын білмеген жетесіз»-демекші,кімнен тарағанымызды, аталарымызды, олардың сол кездегі аталас туыстарының қарым-қатынастарын қазіргі біздердің қарым қатынастарымызбен салғастыра отырып, кем-кетігімізді түзетіп, қанға сіңген туысқандық мықты буынымызы суытпай, жіктемей (бөлінбей)жүргеніміз дұрыс. «Бөлінгенді бөрі жейді»- дейді.Ал мына сайтты ашқан Естеу ағайдың естеліктерін ысырапсыз жиып-теріп, кейінгі ұрпаққа ғибрат алу үшін жасаған еңбектеріне сүйсіне отырып,Ержанға және басқа туғандарына алғысымды білдіремін!

  6. Серік Тоқсейітұлы деген кім екен?

  7. Ассалаумағалейкум аға ! Мен жоғарыдағы әңгімені оқыдым! Сол аңгімеде айтылған мен Шоған Абыз бабамның ұрпағымын. Шоған Абыз бабамнан тараған ұрпақ бүгінгі күні Райымбек ауданында шоғырланған. Ел ішіне ірткі салмай, бүгінде ұйып отырған ШОҒАН АБЫЗДЫҢ ұрпақтары өсіп-өніп, көгеріп-көктеп гүлдей жайнап, тамыры терең бойлаған, алдына сан мың маңғыртқан малын айдаған, батырын хан сайлаған, қанжығасына олжасын байлаған, ұрпағының қамын ойлаған, Алатау мен Хан тәңірінен бастап, Іленің бойын жайлаған Руы мықты ел болсын! Ел болғанда жай бір қабырға-омыртқа емес, қайыспайтын бел болсын!

  8. Ел ішіне ірткі салмай, бүгінде ұйып отырған ШОҒАН АБЫЗДЫҢ ұрпақтары өсіп-өніп, көгеріп-көктеп гүлдей жайнап, тамыры терең бойлаған, алдына сан мың маңғыртқан малын айдаған, батырын хан сайлаған, қанжығасына олжасын байлаған, ұрпағының қамын ойлаған, Алатау мен Хан тәңірінен бастап, Іленің бойын жайлаған Руы мықты ел болсын! Ел болғанда жай бір қабырға-омыртқа емес, қайыспайтын бел болсын!

  9. Ассалаумағалейкум аға ! Мен жоғарыдағы әңгімені оқыдым! Сол аңгімеде айтылған Алжанның бүгінгі ұрпағымын, Рахмет!! Алжаннан тараған ұрпақ бүгінгі күні Райымбек ауданында, негізгі шоғырланған жері Сарыжаз бен Қарасаз ауылдары екенін де айтып өткім келді!!

  10. Міне осылай,ел ішін көп аралаған Естеу ағамыз сияқты адамдардың
    қалдырған жазбалары шындыққа бір қадам жақындасады ау өзі…
    Аруағыңнан айналйын ағамыздың еңбектері еш өшпес. Ереке архивтеріндегі бар дүниені шығару міндетің екені сірә өзіңе де түсінікті нәрсе шығар. Рахмет!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × 2 =