Әр нәрсені байыпты

Әр нәрсені байыпты
Ойлай білер, Айжаным.
Ақылға сап ғайыпты
Болжай білер, Айжаным.

Өлеңімді сұқтанып,
Оқысаң сен ойланып,
Мен де іштей мықтанып
Мерейленем бойланып.

Ағаң менен ініңе
Санат беріп жүресің.
Әпкең менен сіңліңе
Қанат беріп жүресің.

Әкеңе де шешеңе
Ақыл қосар қуатсың.
Сыйлас жүрек-көшеге
Құйылар нұр шуақсың.
Есе ұсынар кесеге,
Сусыны мол суатсың.

Ұл мінезді, орнықты,
Ұлға лайық қызымсың.
Күйретердей зорлықты,
Ер қайратты қызусың.

Би мен күйде ойнасаң,
Нәзік тілді сезімсің.
Тең құрбыңмен тойласаң,
От жайнайды көзің шын.

Пәнидің де бақидың
Түбін ойлап жүресің.
Құлқыменен сақидың
Дарқан ойнап-күлесің.

Кісілікке кісілік
Мәрттік жасап та
Нұр шашудан қашпайсың.
Ғұмырлы етіп сәулеттеп,
Ісіңді Аллаһ оңдасын.
Қызыр түнеп, Бақ қонып,
Әулиелер қолдасын.

Ризамын мен саған,
Ақ күн тусын алдыңнан.
Арманға жет аңсаған,
Айныма осы қалпыңнан.

Жаныстың да алыстан
Тілеулерін тілей біл.
Шүкір менен Салмақтың
Киіздерін білей біл.

Естеу Нүсіпбеков, Есік қаласы

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

2 ответа к «Әр нәрсені байыпты»

  1. «Ұл мінезді, орнықты,
    Ұлға лайық қызымсың.
    Күйретердей зорлықты,
    Ер қайратты қызусың.» Айеке, папам айтқан «кісілігің мен мәрттігіңнен» тайма! Арыңды баурым Ақсатпа,Тұрсаңда сен төменде! жеңгең Мұқси.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

9 − девять =