Айжан қызым Москваға аттанарда

Ел көріп кел, ақ ботам, жер көріп кел.
Көкпар-білім, қозы-ой өңгеріп кел.
Бар өмірін адамзат бақыты үшін
Бағыштаған ерден жөн, жол көріп кел.

Кеңдігін көр еліңнің,
Орманын көр.
Биік мықты, мызғымас қорғанын көр.
Ақылы асқан, ісі асқан туыстарынан
Әр заманның не заңғар зорларын көр.

Астанада таң қылаң атқанын көр,
Даналардың дем алып жатқанын көр.

Ғылым менен өнердің, құрылыстың
Көз тұндырар сәулетті мақтанын көр.

Ой іздемей онда сен қадам баспа.
Ақынша ойлан, шаршап кел, ойдан қашпа.
Алаңдарда, көшеде тереңге үңіл…
Қызыл кірпіш, сыр бүккен көк сұр тасқа.

Жаратқыш ми, жасағыш қол танып кел,
Ауыр тарих артқан жон танып кел.
Күмбезі көк тіреген сарайлардан
Биіктікке бастайтын оң танып кел.

Естеу Нүсіпбеков,1983.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 + 4 =