Қабақ баққан шырағым

Қарап жүрсің ата-ана қабағына,
Жарап жүрсің кішілер сабағына.
Асықпа әлі, Бақ қонып, құт қонақтап,
Құйылады ырызық табағыңа.

Тықыршиды талабың бәйге атындай,
Секілдісің бас бәйге алатындай.
Қолтығыңнан дем беріп, қос сіңілің,
Серпіліп тұр қомданып қанатындай.

Көпшілсің де Маржантай, дархан-ақсың,
Аз ұшқалақ, аңқылдақ, жаңғалақсың.
Аямай-ақ таратып тапқаныңды,
Туысыңды түгендеп шаршамайсың.

Ниетіңе мақұлмын, пейіліңе,
Бөлене бер әл-жұртың мейіріне.
Ақ тілеулі батаны көбейте бер,
Сейіл қосып туған күн сейіліңе.

Самаладай самсатып жан сұрағын,
Тек жақсылық тілеймін, шамшырағым.
Қуаныштан Құдайым айырмасын,
Той түгендеп, той тойлап сансырағын.

Зор денсаулық тілеймін мықты, берік.
Жан сұлулық тілеймін, сұқты көрік.
Ақыл, білім серік қып, аптығусыз,
Неібесін Бақ, Байлық молдан теріп,
Талабыңа Ақылды еткін серік.

Естеу Нүсіпбеков, Есік қаласы

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Қабақ баққан шырағым»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 − пятнадцать =